"Қош келдің, 30" Бүгін Димаш Құдайбергеннің туған күні

Қазақстанның Халық әртісі, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген бүгін, 24 Мамыр туған күні, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші өзінің instagram парақшасында жазды. 

"Сәлем, 30! Кешке Стамбұлда көріскенше", - деп оқырмандарына видео жолдады. 

Оның парақшасына бірқатар өнер жұлдыздары бүгінгі төл мерекесімен құттықтап, пікір қалдырды. 

"Туған күнің құтты болсын, бақытты ұзақ өмір тілейміз, АСЫЛЫМ", "Ғұмырың бақытты, ұзақ болғай, Диком", "Ғұмырың ұзақ болсын, ботам", "Құтты болсын! Ақ жол! Алға Димаш! Алға Қазақстан!", "Туған күнің құтты болсын досым! Ғұмырлы бол, Тіл көзден аман бол. Тек биікке самғай бер", "Туған күнің құтты болсын! Өмір жасың ұзақ, денің сау болсын! Қанатың талмай биікке самғай бер, жаным сол! Біз сені қатттыыы жақсы көреміз! Қайда жүрсеңде амандығыңды тілейміз", "Алла ұзақ және сәнді өмір берсін", - деп жазды олар. 

Айта кетейік, бұған дейін өнерпаз ел президенті Тоқаевтан сыйлық алған еді. Ол қандай сыйлық? Сілтемеге өтіп біле аласыз. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!