"Бір сақинасы - 10 млн теңге". Сарапшы Айсәуле Бақытбектің образы қанша тұратынын есептеді

Әлеуметтік желіде Жансая Махабаева есімді блогер Айсәуле Бақытбектің бір күндік образы қанша тұратынын есептеп көрді,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Көйлегі шамамен 500 мың теңге.

Сөмкесі Dior брендінен 2 300 000 теңге.

Енді әшекейлеріне көшейік. Қолындағы сақинасы толықтай гаухартаспен көмкерілген. Бағасы - 10 млн теңге.

Баян Мақсатқызының сыйлығы - Bulgari брендінің сағаты 5 500 000 теңге. 

Сырғасы Alhambra брендінен, 2 млн теңге. Браслеті Lucky Spring 2 825 000 теңге. Осы коллекциядан сақинасы - 3 575 000 теңге. 

Сонымен барлығы 26 800 000 теңге болды", - деді блогер.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!