"Үйленген". Желі қолданушылары Әйгерім Қалаубаева мен Нұрлан Әлімжанға бақыт тіледі

Әлеуметтік желіде Нұрлан Әлімжан мен Әйгерім Қалаубаеваның видеосын көпшілік қызу талқыға салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бейнежазбаны zhuldyzdar_kaz есімді қолданушы жариялаған. Видеодан әншілердің бір-біріне жақын қарым-қатынасын аңғаруға болады.

Өнер иелері де мұндай видеолардың бірін өз парақшасына жүктеп қойған.

Желі қолданушылары бұл жұпқа бақыт тілеп, кейбірі екеуінің бас қосқандарын жарыса жазды. "Ерлі-зайыпты шығар, біреудің күйеуінің мойнына асылмайды ғой", "бір күні екеуміз жүреміз десе таңқалмаймын", "елге доспыз деп қоя ма", "әдемі жарасып тұр, бақытты болсын", "екеуі бас қосқан, солай естігенмін", "керемет жұп болушы еді", "үйленген ғой", "жарасымды жұп" деп жазды олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!