"Әкеме айтқан сөзім тура келді." Айгүл Иманбаева өміріндегі өкінішін айтты

Актриса Айгүл Иманбаева "1001 түн" бағдарламасында өмірден өткен әкесін еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, әнші әкесін жерлеуге үлгере алмаған.

"Осы концертімде папам маған шын жүрегімен батасын беріп кетті. Бұл мен үшін өте маңызды еді. Дәл осы Айгүл болып қалыптасуымда басқа Айгүл болдым. Ал орта жастан бастап тіпті басқа өмірдің кілті әкемнің қолында болған екен. Соның бәрінің есігін ашып кетті. Миссиясы аяқталған соң өмірден өтті. Ол кезде әрине, маған ауыр болды. Әкеммен табыспай тұрғанда реніштен "өлсеңіз, топырақ салуыңызға келмеймін" дегенмін. Сол сөзім қайтып келді. Әкемді жерлеуге жете алмай қалдым. Англияға барғанда Шенген визаға тапсырып қойған едім. Әкемнің әпкесі хабарласты. Ауруханада ауыр жағдайдағы науқастар бөлімінде оянып, кері ұйықтап кеткен. Сол күйінше кетіп қалды. Кететін кезде мамамның үйіне қонып, әңгімелесіп, сыр ақтарған. Анам "сол күні есіктен шығып бара жатқанда оның қайта оралмайтынын білдім" деді. 40 жылдан аса уақыт екеуі екі жаққа кетсе де, әкем өмірден өткенде анам ауырып жатып қалды. Паспортымды ала алмаған соң әкемді жерлеуге бара алмадым. Жетілігіне ғана үлгердім. Бізден бұрын қазіргі жолдасына, бір түйір қызына ауыр тиді", - деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!