Түркістан облысында жоғалып кеткен 10-сынып оқушысы өлі табылды

Түркістан облысы Сайрам ауданында жоғалып кеткен 10-сынып оқушысы өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім бірнеше күн бойы үйінде болмаған. Оның туыстары хабар-ошарсыз кеткенін айтып, құзырлы органдарға хабарласқан. Артынша кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды.

Полиция суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады.

"Сайрам ауданында кәмелетке толмаған баланың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалып, барлық мән-жайы анықталып жатыр. Басқа ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз