"Жедел-жәрдем шақырдым". Танымал әншінің өз концертінде денсаулығы сыр берген

Халыққа Әміре атымен танылған Ернар Садырбаев Алматыдағы концертінде денсаулығы сыр беріп, жедел-жәрдем шақырғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі NTK арнасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, әнші 10 күн бойы ауырған.

"Ауырып қалдым. 10 күн бойы ем-домның бәрін алып жатырмыз. Міне, дәрігерлер қасымда. Тамағымның ауырғаны кетпеді. Неге екенін білмеймін. Бірақ концертті кейінге шегеруге болмайды. Не болса да жанды дауыста шырқап шықтым", - деді әнші.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!