"Жедел-жәрдем шақырдым". Танымал әншінің өз концертінде денсаулығы сыр берген
!["Жедел-жәрдем шақырдым". Танымал әншінің өз концертінде денсаулығы сыр берген](/userdata/news/news_107891/image_l.png)
Фото:
Әлеуметтік желіден
Халыққа Әміре атымен танылған Ернар Садырбаев Алматыдағы концертінде денсаулығы сыр беріп, жедел-жәрдем шақырғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі NTK арнасына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, әнші 10 күн бойы ауырған.
"Ауырып қалдым. 10 күн бойы ем-домның бәрін алып жатырмыз. Міне, дәрігерлер қасымда. Тамағымның ауырғаны кетпеді. Неге екенін білмеймін. Бірақ концертті кейінге шегеруге болмайды. Не болса да жанды дауыста шырқап шықтым", - деді әнші.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы