Павлодарлық бойжеткен зейнеткерді тонап кетті

Павлодарлық бойжеткен зейнеткерді тонап кетті
Фото: elements.envato.com

Павлодарлық бойжеткен зейнеткерді тонап кетті. Заттай дәлелдеме алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тонау фактісі бойынша 88 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Ол кешке жақын есіктің қоңырауын басқан бейтаныс қыз пәтерге кіріп, өзін әңгімеге тартқанын айтқан. Әрі қарай серванттан әмиянның ішіндегі ақшаны ұрлап алып, қашып кеткен. 

"Төрт күннен кейін  бойжеткен үйге қайта келіп, жастықтың, кереуеттің астынан ақша іздей бастаған, бірақ ештеңе таппаған соң Panasonic маркалы телефонды тоқтан суырып алып, пәтерден белгісіз бағытта жүгіріп шығып кеткен. Жәбірленуші ұлына қоңырау шалып, полиция қызметкерлерін шақырды", - деді полиция басқармасы орталық полиция бөлімшесінің бастығы Жандос Орынбаев.

Жедел уәкілдер қабылданған шаралардың нәтижесінде қарт әйелді тонаған ұрыны тапты. Ол 21 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Өз қажеттіліктеріне ақшаны жұмсап үлгерген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі уақытта тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан