"Диагноз қойылды". Жахан Отарғалиев өміріндегі ел білмейтін қиындықтарын айтып, жан сырын ақтарды

Актер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында сұхбаттан үзінді жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, өткен жыл қиындыққа толы жыл болған.

"2023 жыл мен үшін қиындыққа, сынаққа толы жыл болды. Біздің де жүрегіміз жылайтын кездер болады. Сен соны білген кезде іштей өзіңді жей бересің. Маған диагноз қойылады. Сол қатты әсер етті. Өмір сүру ештеңе қызық емес болып кетті. Жиналып алуыма себепші болған пайғамбарымыздың өмірбаяны", - деді актер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!