Павлодарда кадет мектебінің директорына қатысты тергеу басталды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша тергеу басталды. Жағдайлар мен себептер анықталып, сараптама тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

"Жанжалға қатысқанның бәрі полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың әрқайсының рөлі белгіленеді, содан кейін олардың әрекеттеріне тиісті құқықтық баға беріледі. Сондай-ақ жіберілген немқұрайлылық үшін мектеп директорына қатысты тергеу басталды", - деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Еске салайық, Қабанбай батыр атындағы "Жас сарбаз" облыстық мамандандырылған әскери мектеп-лицей-интернатында төбелес шыққан болатын. Тергеу барысында полиция қызметкерлері мектеп сыныптарының бірінде төбелес барысында кәмелетке толмаған үш оқушы жарақат алғанын анықтады. 

Оқиға орын алған күні кешке облыстық балалар ауруханасына 2007 жылы туған екі бала, 2008 жылғы бір бала жеткізілген.  Мектеп оқушыларына медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйлеріне жіберілді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз