Омыртқаға қауіп төндіретін ең танымал 4 қалып

Massaget.kz тілшісі көпшілік күніне бірнеше рет түсетін, салдарынан арқа ауруы пайда болатын 4 қалыптың тізімін жасады.

Көлік жүргізгенде бүкірейіп отырамыз

Бұл қалыпта ұзақ уақыт бойы отыру, арқаға зиян тигізеді. Сапар кезінде арқаға түсетін жүктемені азайту үшін жүргізуші орындығының артқы жағын сәл артқа жылжыту керек. Оған арқаңызбен мықтап тірелгеніңізге көз жеткізіңіз, жамбасыңыз орындыққа тірелген, тізеңіз жамбас сызығынан сәл төмен, ал көл көз деңгейінен сәл төмен.

Ұзақ сапар кезінде арқаңызды демалу үшін жиірек тоқтауға тырысыңыз.

Компьютер алдында еңкейеміз

Құлақ, иық және жамбас бір сызықта болатындай етіп отыруға тырысыңыз, жамбас орындықтың артқы жағына, ал аяқтар еденге тіреледі. Бұл жағдайда компьютер экраны көз деңгейінде болуы керек. Созылу және бірнеше жаттығулар жасау үшін үнемі үзіліс жасауды ұмытпаңыз.

Ұялы телефон қараймыз

Смартфонның экранын көру үшін басыңызды алға қарай еңкейткен кезде, мойын мен арқаға үлкен жүктеме түседі. Телефонға тұрып немесе жолда қарамаған жөн, одан да гаджетті көз деңгейінде ұстап, экранға қарау ыңғайлы болған кезді күту керек.

Ал егер телефонды тік күйде, отырып қарайтын болсаңыз, арқаңыз бен басыңызды қабырғаға тіреп, төмен қарамауға тырысыңыз, орнына телефонды көз деңгейіне дейін көтеріңіз.

Диванда отырып ұйықтаймыз

Ауыр жұмыс күнінің соңында теледидар алдындағы жұмсақ диванға отырып ұйықтау сондай жағымды. Дегенмен, сіз дененің дұрыс емес орналасуына байланысты оянғанда мойын мен арқа ауруымен сезуіңіз мүмкін. Көлденең жатып ұйықтау керек, ең дұрысы - ортопедиялық матрацта және ортопедиялық жастықпен.

Егер сіз бір жаққа қарап, бүйіріңізде ұйықтасаңыз, дененің табиғи күйін сақтау үшін тізеңіздің арасына жалпақ жастық қою керек.

Тағы да оқи отырыңыздар: Меңді жұлып алса, не болады?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз