Буындарды нығайтып, артриттен қорғайтын тағамдар аталды

Буындардың саулығына көбінесе жас және бұрынғы жарақаттар секілді сіздің бақылауыңыздан тыс факторлар әсер етеді. Дегенмен, оған аш қарынға жеген алғашқы ас та айтарлықтай маңызды. Бұл туралы Джеймс Топилов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Parade.com" сілтеме жасап.

"Диета буындардың саулығын жақсарту кезінде маңызды рөл атқарады. Менің көптеген науқасым дұрыс тамақтану арқылы қабыну процестерінің айтарлықтай төмендегенін байқады", - деді ол.

Дәрігер өзі жиі қолданатын рецепт ұсынды.

"Керек азық-түліктер: грек йогурты, жидектер, чиа тұқымдары және туралған жаңғақ. Омега-3 май қышқылға, антиоксидантқа және талшыққа бай бұл таңғы ас қабынуды азайтуға және шеміршектің саулығын сақтауға көмектеседі", - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, оны дайындауға өте аз уақыт кетеді және мұндай жеңіл таңғы ас дене бітіміне зиян тигізбейді.

Сарапшы сүйектерді нығайту үшін таңғы асқа сұлы майын жеуге кеңес берді. Бадам сүті, чиа тұқымы мен зығыр, сондай-ақ даршын көмегімен тағамды пайдалы етуге болады.

"Бұл сұлы майы кальцийге, талшыққа және омега-3 май қышқылдарына бай, олар сүйекті нығайтады және буындардағы ауырсынуды азайтады", - дейді маман.

Тағы да оқи отырыңыздар: Биыл педагогикалық мамандықтарға қанша грант бөлінді?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз