Алматыда үйді тонағандар ұсталды

Алматыда үйді тонағандар ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар Достық ықшамауданында орналасқан үйді тонаған. Белгісіз біреулер үйге кіріп, ақша мен газ тапаншасын алып кеткен.

"Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Төрт күдікті ұсталып, қамауға алынды. Олардың арасында, үй иелерінің жақын туысы бар. Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілердің екеуі бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін сотты болған. Ұсталғандардың жеке басы ықтимал қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр", – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.  ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!