Disney мен Pixar ұсынған "Ойжұмбақ 2" мультфильмі қазақ тілінде дыбысталды

Disney мен Pixar ұсынған "Ойжұмбақ 2" / "Головоломка 2" (13-маусымнан бастап кинода) атты жаңа анимациялық шытырман оқиғасын қазақ тілінде дыбыстаған жұлдызды актерлерді қуана таныстырамыз.

Басты кейіпкерлерге қазақ тілінде өз дауыстарын сыйлағандар: Райли "Көреміз" атты қазақ телешоуының қатысушысы, блогер Ақерке Естайқызының дауысымен сөйлейді, Қуанышты қазақстандық әнші әрі актриса Гульнар Тлебалды дыбыстайды, Мұңды — кино мен театр және дубляж актрисасы Алма Қылмұқан, Қорқынышты — кино мен театр актері, театр режиссері Рүстем Жаныаманов дыбыстайды. Сондай-ақ қазақ тіліндегі дубляжға Жұлдыз Төлепберген қатысады, ол Райли ойнағысы келетін команданың капитаны, жоғары сыныпта оқитын Вэл есімді мықты қызды дыбыстайды, қазақстандық Ninety One бой-бэндының солистері, Азамат Ашмақын (лақап аты ACE) — Сәкөшті (Бананчик) және Батырхан Маликов (лақап аты ALEM) — Ұятты (Стыд) дыбыстайды.

Дубляж жайлы ақпарат:

Дубляж режиссері — Шах-мұрат Ордабаев
Аударма авторы — Әсел Мамырова
Синхронды мәтіннің авторы
Сузыка жетекшісі — Гүлжан Сауртаева

Қазақ дубляжы актерлерінің — Азамат Ашмақын, Батырхан Маликов, Жұлдыз Төлепберген, сондай-ақ қазақ дубляжының режиссері: Шах-Мұрат Ордабаевтың суреттері жоғары сапада МЫНА СІЛТЕМЕ бойынша.

Фильм жайлы:

"Ойжұмбақ 2" / "Головоломка 2"

Қазақстанда көрсетілімге шығатын күні: 13 маусым 2024 жыл.

Disney мен Pixar-дың "Ойжұмбақ 2" анимациялық фильмі көрерменді қайтадан Райли есімді қыздың санасына апарады. Қазір ол жасөспірім қызға айналған. Дәл осы сәтте Бас бөлімде кенеттен күрделі жөндеу жұмыстары басталады, мүлде күтпеген нәрсеге орын босату үшін: жаңа эмоцияларға!

Эмоционалды процесстерді бұрыннан бері сәтті басқарып келе жатқан Қуаныш, Мұң, Ашу, Қорқыныш пен Жиіркеніш тіпті не сезерлерін де білмей қалады, кенет... Үрейкелгенде. Оның үстіне, ол жалғыз емес сияқты.

Режиссер Пит Доктер мен продюсер Джонас Ривера түсірген бірінші "Ойжұмбақ" (2015) үздік толықметражды анимациялық фильм ретінде екі беделді жүлде алды — "Оскар"® мен "Алтын глобус"®.

Эмоцияларға толы шытырман оқиға "Ойжұмбақ 2" / "Головоломка 2" 2024 жылдың 13 маусымынан бастап кинотеатрларда қазақ және орыс тілдерінде шығады!

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!