"Үш аймаққа қауіп төніп тұр". Комитет ескерту жасады

 "Үш аймаққа қауіп төніп тұр". Комитет ескерту жасады

Биыл үш облысқа шегіртке шабуылдауы мүмкін. Бұл туралы Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дархан Әбдікәрімов мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әбдікарімовтың дерегінше, шегіртке зиянкестерінің 2 538,035 мың гектар аумаққа таралған. Зиянкестер Ақтөбе облысында – 784 мың гектар, Қостанай облысында – 776 мың гектар және Түркістан облыстарында – 271 мың гектар аумаққа қаптауы мүмкін.

Ол шекаралас аймақтардағы шегірткелерге қатысты жағдай тұрақты бақылауда екенін айтады.

"Жалпы, елімізде шегіртке жәндіктерінің 270-тен астам түрі мекендейді. Оның ішінде шегіркенің 10-15 түрі астық пен шабындық, көкөніс дақылдарына қауіп туғызады. Ең қауіпті және зиянды шегірткелердің грегариялық түрлері – азиялық, марокколық және итальяндық шегірткелер", - деді Дархан Әбдікәрімов.

Еске сала кетсек, осыған дейін үкімет шегірткелермен күресуге қанша қаражат бөлгенін жазған едік.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Ордабаев