Полиция жаз мезгіліне байланысты ата-аналарға ескерту жасады

Полиция жаз мезгіліне байланысты ата-аналарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Балалардың жазғы демалысы кезінде қала-ауданаралық көлік қатынасы жиілейді.

"Дүниежүзілік талдаулар көліктегі автоорындықтар, бустерлер және адаптер құрылғылары балалардың жол қозғалысында жарақат алуынан қорғайтынын дәлелдеді. 12 жасқа толмаған бала көлікке міндетті түрде арнайы автоорындықпен отырғызылуға тиіс. Талап сақталмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделген", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, құзырлы органдар жол қозғалысы ережелеріне байланысты ескерту жасады.

"Жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп, жақындап қалған көлік алдынан жүгіріп өтуінен және бағдаршамның тыйым салынған сигналына мән бермеуінен жол апатына ұшырау қаупі жоғары. Балалар жолдан өту ережесін білуі қауіпсіздік үшін қажет. Алыс сапарларға балаларды өздігінен үлкендердің қарауынсыз көлікке отырғызып жібермеңіз. Жол қозғалысының әр секунды мен минуты қауіпсіздікті талап етеді", - деп жазылған ІІМ хабарламасында.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!