Қазақстанда тек қана әйелдер отыратын пойыздар саны көбейеді

Қазақстанда тек қана әйелдер отыратын пойыздар саны көбейеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2024 жылы мұндай пойыздар тағы үш бағытта пайда болады. 

"Жолаушылар тасымалы" АҚ мәліметінше, 2024 жылдың бірінші тоқсанында 70 мыңнан аса әйел "Әйелдер вагоны" қызметін қолданған. Бұл былтырмен салыстырғанда екі есе көп. 

Әйелдер вагоны тағы үш бағытта пайда болады:  

№ 354/353 Астана – Семей,
№ 24/23 Актобе – Алматы,
№ 25/26 Алматы – Шымкент.

Қазіргі уақытта 8 бағытта әйелдер вагоны бар: 

№ 77/78 Алматы – Маңғыстау;
№ 351/352 Алматы – Өскемен;
№ 45/46 Павлодар – Түркістан;
№ 37/38 Маңғыстау – Семей;
№ 47/48 Атырау – Астана;
№ 33/34 Ақтөбе – Алматы-1;
№ 4/3 Астана – Алматы-2;
№ 71/72 Астана – Шымкент.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!