Зейнеткерлердің сеніміне кіріп, 9 миллион теңгесін ұрлаған ақмолалық ұсталды

Ақмола облысында зейнеткерлердің сеніміне кіріп, 9 миллион теңгесін алдап алған алаяқ қолға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығында тұратын қарт ерлі-зайыптылар жүгінді. Зейнеткерлер 9 миллион теңгеден астам ақша қаражатын тартып алған әйелдің құрбаны болғанын хабарлады.

Алаяқ 2022-2024 жылдар аралығында әр түрлі сылтаулармен ерлі-зайыптылардан өз қажеттіліктеріне ақша алып келген. Күдікті ретінде бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған 32 жастағы жұмыс істемейтін жергілікті тұрғын анықталды.

Қаскүнемге қатысты ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баптың санкциясы 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны көздейді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!