Кермек су денсаулыққа зиян тигізе ме? Сарапшы жауап берді

Кермек су тері мен шаштың күйін нашарлатып, құрғақтық пен қабыршақтануды тудыруы мүмкін, ал тым жұмсақ - улы металдардың ағзаға енуіне ықпал етеді. Бұл туралы Айова штаты университетінің (АҚШ) азаматтық құрылыс және экологиялық инженерия кафедрасының доценті Тимоти Эллис айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "The Conversation" сілтеме жасап.

Су құрамындағы кальций, магний, темір және марганец сияқты еріген минералдардың жоғарылауына байланысты кермек болады. Жұмсақ су оларды төмен концентрацияда ұстайды.

Тимоти Эллистің айтуынша, қалалық су жүйесіндегі бұл минералдардың мөлшері аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін, ал концентрациясы судың қайдан алынатынына және оның қалай өңделетініне байланысты. Кермек су құрғақ теріге көбірек ықпал етеді. Оның құрамындағы минералдар терідегі ылғалдың мөлшерін азайтады және тері тесігін бітейтін шөгінділер жасайды.

Минералды шөгінділер шаш пен бас терісінде де жиналып, шаш фолликулаларын "жауып", қайызғақтың пайда болуына, сондай-ақ шаштың өсуінің баяулауына әкелуі мүмкін. Дегенмен, кермек су ішу денсаулыққа қауіпті емес. Өйткені қосымша магний мен кальцийді тұтыну тіпті ас қорытуды жақсарта алады.

Тағы да оқи отырыңыздар: Тоңазытқыштағы жағымсыз иісті қалай кетіруге болады?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз