Павлодарда әйел адам белгісіз жағдайда жоғалып кетті

Павлодарда әйел адам белгісіз жағдайда жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Іздеу жұмыстарына еріктілер қосылды. "VITA" еріктілер жасағының мәліметінше, 18 мамырда кешкі сағат 17.00 шамасында 45 жастағы Нина Медведева А.Шөкин көшесіндегі 24-үйден белгісіз бағытта шығып кеткен. Оның қайда екені күні бүгінге дейін белгісіз. 

Белгілері: бойы 150-155 сантиметр, орта денелі, көк көзді, аққұба, шашы қысқа. Ерні мен сол жақ қасында тыртық бар.

Әйел қоңыр-сарғыш күрте, қара футболка мен шалбар, ақ кроссовка және ақ "М" әрпі бар қара баскиім киген. Оның қолында қоңыр түсті сөмке болды. 

Еріктілер із-түзсіз жоғалған адам туралы ақпараты бар кез келген адамнан +7(747)615-55-63, +7(777)334-82-01 телефон нөмірі бойынша хабарлауды сұрайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!