"Әнұран, қарауыл, рапорт". Тоқаевты Сингапур президенті қалай күтіп алды?

Мемлекет басшысы Сингапур Президентінің Istana сарайына келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент Тарман Шанмугаратнам қарсы алды.

Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.

Содан соң Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Екі ел басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тарман Шанмугаратнам келіссөз өтетін залға барды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!