Жаңбыр және найзағай: 23 мамырда ауа райы қандай болады?

Қазгидромет синоптиктерінің болжамынша, 23 мамырда атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл болады., - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады, түнгі сағаттарда Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!