"Қатты қорықтым". Фариза Төреәлі жүктілігін көпшіліктен жасыру себебін түсіндірді

Фариза Төреәлі "Мамский әңгіме" youtube-арнасында жүктілігін жасрыу себебін ашып айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, баласы үшін қорыққан.

"Сондай сезім болды. Айтқым, бөліскім келмеді. Тіл, көз деген ақиқат қой. Бәрі жан-жақтан сұрап келе жатқандықтан, дұрыс емес деп ойладым. Кім қандай ниетпен қарап жатыр дегендей ғой. Іштей балам үшін қатты қорықтым. Алладан жеңілдігін, денінің саулығын тіледім. "Аман-есен дүниеге әкелейінші" деп ойладым. Кең киімдер кидім. Ішім де кішкентай болды. Солай жасырып жүрдім. Туысқандар да білмеді. Олар да қатты таңғалды. Тек жақындарым білді", - деді ол.

Фариза Төреәлі толғақ кезіндегі сәтін есіне алды.

"38 аптада түсірілімде жүрдім. Біртүрлі ауырып жүрдім. Толғақ екенін сол кезде түсіндім.Ертесі күні таңғы уақытта бардық. Дарханға "бүгін дүниеге әкелетін сияқтымын" дедім. Бала туудан ақшаны аямау керек. Жеке клиникаға бардым. Дарханды серіктестікке кіргізбедім. Оны қаламадым. Керісінше доуланы шақырып, сол көмектесті. Қатты мазасыздандым. Толғақ он сағаттан астам болды. Көп дұға еттім. Дәл солай нәсіп етті. 2 кг 800 гр болып қызымды дүниеге әкелдім", - деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!