"Жек көретін көрерменге рахмет". Дариға Бадықова сүйінші жаңалығын бөлісті

"Жек көретін көрерменге рахмет". Дариға Бадықова сүйінші жаңалығын бөлісті
Фото: Әлеуметтік желіден

Актриса Дариға Бадықова көрерменнен сүйінші сұрап, қуанышты жаңалығын бөлісті. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, актриса биыл "үздік актриса" атанған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дариға Бадыкова (@dariga_badykova)

"Тағы үздікпін. Биыл 2024 жылдың үздік актрисасын алдым. Мені жақсы көретін көрермендерге рақмет. Жек көретін көрермендерге де рақмет", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары актрисаны құттықтап, тілектерін жаудырды. "Тамаша, құтты болсын", "әлемдік деңгейден ойып тұрып, орын аласыз бұйырса", "бағындырар белесіңіз көп болсын, бұл бастамасы", "сіз алсыншы осы марапатты деп кунде дауыс беріп отырдым", "алар асуыңыз көп болсын" деп жазды олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы