"Маған ұнамады". Айнұр Тұрсынбаева туған күніне келген ең қымбат сыйлықты көрсетті

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева туған күніне келген ең қымбат сыйлықтардың бірін көрсетті. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алайда өнер иесі сыйлықтың ұнамағанын, оның орнына қайырымдылыққа бір отбасыға пәтер сыйлауға болатынын айтты.

"35 мың доллар тұратын сөмке туған күніме сыйлыққа келді. Бірақ маған ұнамады. Ол ақшаға бір отбасыға пәтер әпергенім дұрыс болар еді...Дәл сол күні Әминаға пәтер сыйладық. Мен шынында сөмке, киімге қатты қызықпаймын. Алтын, бриллиантты жақсы көремін" деп жазды ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!