"Дұға етіп қойыңыздар". Екінші перзентіне жүкті Мақпал Исабекова ауыр жағдайда ауруханаға түсті

Әнші Мақпал Исабекова ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Екінші перзентіне жүкті өнер иесі көпшіліктен денсаулығы үшін дұға етуін сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазған ол дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтты.

 "Мерзіміме әлі ерте. Денсаулығыма байланысты ауруханадамыз. Біз үшін, қызымыз екеумізге дұға етіңіздер. Дәрігерлер қолдан келгенін жасады. Бәрі жақсы болады" деп жазды ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!