"5:32" сериалына түскен соң анам көз жұмды". Танымал актриса өзегін өртеген өкініші туралы айтты

Актриса Жәудір Сарыпбекова "Мархабат" бағдарламасында фильмдегі жағымсыз рөлдері жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, режиссерлар үнемі өнер иесін үнемі жағымсыз рөлге бекітеді.

"Жағымсыз рөл түсіріліміне барған сайын "неге маған осындай рөл бересіздер" деп сұраймын. "Білмеймін енді, түріңіз суық" деп айтады. Мәселе түрдің суықтығында емес қой. Режиссерлер маған қарағанда жағымсыз рөлдер көретін болып тұр ғой", - деді актриса.

Актриса "5:32" сериалына түскен соң анасы өмірден өткенін айтты.

"5:32" сериалына барғанда тапсырма берді. "Қалай болады екен" деп ойландым. Соны ойнап жатқанда "қалай шығады, арзан дүние болатын сияқты" деп сезіндім. Келдім де бірден үлкен ағама айттым. "Бұл сериалды анам көрмей-ақ қойсыншы" дедім. Ана жерде адамның еті болды, жиіркенішті дегендей ғой. Адам жақсы сөз сөйлеу керек екен ғой. Анам күзде фильмнің алдында қайтыс болды. Анам өмірден өткен соң ертесіне фильм жарыққа шықты. Бір кем дүние ғой. Перзентінің жарқырап жүргенін анам көрмей кетті", - деді ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз