Ақтөбе облысында жол апатынан Қырғызстанның екі азаматы зардап шекті

Ақтөбе облысында жол апатынан Қырғызстанның екі азаматы зардап шекті

Төтенше жағдайлар министрлігінің дәрігерлері шетел азаматтарына көмектесті , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облысында Самара - Шымкент республикалық тасжолының учаскесінде жүк және жеңіл автокөліктері соқтығысты. Оқиға салдарынан екі ер адам түрлі дене жарақатын алған.

Оқиға орнында ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері Қырғызстан Республикасының азаматтарына алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Зардап шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан