Алматы облысында жасөспірім көлік ұрлады деген күдікке ілінді

Алматы облысында жасөспірім көлік ұрлады деген күдікке ілінді
Фото: polisia.kz

Алматы облысында 17 жастағы жасөспірім көлікті ұрлауға байланысты жанжалдың ортасында қалды. Аудандық полиция бөлінісінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жас жігіт күдікті ретінде анықталып, өз кінәсін мойындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көлік құралын заңсыз иемдену фактісі аудандық полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта күдікті тергеуде және ол заң алдында істеген әрекеттері үшін жауап береді.

Сонымен қатар 20 мамырда құқық қорғау органдарында көлік құралын заңсыз иемдену бойынша екі дерек тіркелді, олар жедел түрде, ізін суытпай ашылды.

Осы жағдайлардың бірі техникалық қызмет көрсету станциясында болды, онда қарақшылар ұрланған көлікпен жасырынуға тырысқан, бірақ полицияның жедел әрекетінің арқасында қолға түсті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан