Алматыда жігіт қарияны соққыға жыққан

Алматыда жігіт қарияны соққыға жыққан

Алматыда жігіт қарияны соққыға жыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға видеоға түсіп қалған. Оқиға Алматыдағы "Столичный квартал" тұрғын үйінің маңында болған. Видеода ер адам көліктен шығып, қарияны тамақ тұсынан ұстап, артынан ішінен ұрып жібергені көрсетілген. Мұны көрген адамдар қарияға көмекке келген. 

Алматының полиция департаменті бұл дерек бойынша тексерік жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тәртіп бұзған жігіт ұсталды. 

"Ер адамның алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген полиция хабарамасында. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина