Наразылыққа шыққан құлсарылықтар үйіне оралды

Құлсарыдағы бейбіт жиналыс аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жылыой ауданының әкімдігі Құлсары қаласының тұрғындарына зардап шеккен тұрғын үй үшін өтемақы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарағаны үшін ризашылығын білдірді.

"Алда үлкен және өте маңызды қалпына келтіру жұмыстары тұр. Қала алаңы қалыпты өмірге оралды, бейбіт жиналысқа қатысушылардың шатырлары жиналды. Барлық қоғамдық орындар қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Қалада зардап шеккен тұрғындарды залалды бағалау нәтижелерімен таныстыру бойынша мобильді топтардың жұмысы жалғасып жатыр", - делінген хабарламада. 

Құлсарылықтарға № 20 қалалық мектеп базасында және 109 нөмірі бойынша байланыс орталығы арқылы үздіксіз консультативтік қолдау көрсетіліп жатыр.

Бағалау нәтижелерімен келіскен қала тұрғындары мен әкімдік арасында шарттарға қол қою жергілікті Мәдениет үйінде жалғасады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз