Алматыда топырақ түсіп, Кіші Алматы өзенінің арнасы жартылай жабылды

Алматыда батпақ салдарынан топырақ жылжып, Кіші Алматы өзенінің арнасы жартылай жабылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қаласының Түрксіб ауданында батпақтану салдарынан көлемі 30 текше метр үйінді топырақ түсті.

"Кіші Алматы өзенінің арнасы жартылай жабылды. Құтқару қызметінің күшімен арнаны тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!