Көлігінде марихуана шегіп алған шымкенттік видеоға түсіп қалды

Көлігінде марихуана шегіп алған шымкенттік видеоға түсіп қалды
Фото: Polisia.kz

Шымкент тұрғыны марихуана шегіп алып көлік айдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Масаң күйдегі ер адамның басқаруындағы Kia Rio автокөлігін патрульдік полицейлер бейнебақылау инспекторларының нұсқауы бойынша тоқтатты.

Жүргізуші автотұрақтардың біріне тоқтап, қолдан жасалған шегу құрылғысы арқылы есірткі затын қолданып, көлік жүргізуін жалғастырған. Бұл құқық бұзушылық көшедегі камераларға түскен.

Медициналық куәландыру нәтижесі ер азаматтың есірткілік масаң күйде екенін растады.

Заң бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина