Астанада LRT құрылысына байланысты бірнеше жол жабылады

Астанада LRT құрылысына байланысты бірнеше жол жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

LRT құрылысын жүргізу жоспарына сәйкес, Сығанақ көшесінде жол қозғалысын ұйымдастыру уақытша өзгертіледі.

Астана қаласы полиция департаментінің келісімі бойынша:

  • 22 мамырдан 20 маусымға дейін Сығанақ көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Қазақ радиосы көшесіне дейінгі аралығындағы қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте Қабанбай батыр даңғылына қарай қозғалыс ашық болады;
  • 24 мамырдан 20 маусымға дейін Түркістан көшесінен Мәңгілік ел даңғылындағы көлік айрығына дейінгі аралығындағы қозғалыс жолақтарын тарылту арқылы ішінара шектеу енгізіледі.

"Елорда қонақтары мен тұрғындарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, сондай-ақ келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - делінген әкімдік хабарламасында.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!