Криптовалютаны заңсыз айырбастаған шымкенттік сотталды

Шымкент қаласының тумасы криптовалюта айырбастаумен заңсыз айналысқаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен заңсыз кәсіпкерлік жасаған C 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот талқылауы барысында C "Binance" платформасында цифрлық активтерді (криптовалюталар) лицензиясыз айырбастау қызметін көрсеткені анықталды.

"5 жыл ішінде ол 1,7 миллиард теңгеден аса ірі мөлшерде заңсыз табыс тапқан. Қала прокуратурасы Шымкент қаласының тұрғындарына цифрлық активтерді айырбастау бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді", - деп жазылған хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті криптовалютаның заңсыз айналымын іске асырған екі адамға қатысты сотқа дейінгі іс қозғады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!