"Ақшасын берсең, дап-дайын қып береді". Ерке Есмахан тау бөктерінде салынып жатқан вилласы туралы айтты

Танымал әнші Ерке Есмахан тау бөктерінде салынып жатқан вилласы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің сөзінше, дайын үйлер талғамдарына сай келмей, бастан-аяқ салдыруды шешкен.

"Таудың бөктерінде орналасқан вилламыздың жұмыстарын қарап қайттық. Аллаға шүкір. Райм жер үйге көшеміз деп мәз. Дайын үйлер талғамымызға келмеді, сондықтан салдырып жатыр жолдасым. Бұл үйді де өзіміз салып жатқан жоқпыз, ақшасын берсең фирма дап-дайын қып береді екен ғой, рахат. Заттарыңды алып тек кіре қоясың. ...Бастысы ойымдағыдай бәрі минимализмді болса болды. Үйдің сұлуы менің шаруам, жылуы Раймның шаруасы", - деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, жаңалығын бөлісті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!