Алдағы күндері қар жауып, күн суытады

Алдағы күндері қар жауып, күн суытады
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттарға байланысты елдің барлық дерлік аймағында найзағай ойнап, бұршақ, жаңбыр жауады, жел соғады.

24-25 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте, 25 мамырда Қазақстанның орталығында жауын-шашын, соңы қарға ұласатын жаңбыр, кейде қатты жауын-шашын күтіледі. Тек кейбір күндері батыс және оңтүстік аймақтарда жоғары қысым әсерінен жаңбыр басылады.

"Республиканың батыс, солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарында Скандинавия түбегінен ауысқан жоғары қысымға байланысты түнгі және таңертеңгі уақыттарда 3 градусқа дейін аяз болады, күндіз солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда 5-13 температураға дейін төмендейді деп күтіледі. Сонымен қатар, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында оңтүстік-батыс ағынына байланысты температура 20-30 градус жылыға дейін көтеріледі", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова