"132 млн қарызы болатын". Қыран Талапбектің әйелі Гүлзада ешкім білмейтін отбасылық құпиясын айтты

Танымал мобилограф Қыран Талапбектің әйелі Гүлзада Тұрлаш ешкімге айтпаған құпиясын бөлісті. Бұл туралы ол "Kyran Films подкастына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Гүлзаданың айтуынша, күйеуі Қыран Талапбек тәуекелге барып, қарызға 132 миллион теңгеге алып баспана сатып алған. 

"Біз Қыран екеуміз танысқан кезде, Қыранның 132 млн қарызы болған. Оның ол қарызды жабуға ақшасы болмады. Ол тек барып, бір жерден 132 миллионға үй алды. Мен сол кезде басым жарылып, не істерімді білмедім. Сен қалай ойланасың, не істейміз бір жүріп жүрген кезде ақшаң жоқ, қалай жабасың деп айтатынмын. Қыран тәуекелдің адамы. Бірақ ол қарызды соңғы жарты жылдықта жауып тастады. Қыранның тәуекел еткенінің арқасында, біз қазір күшті үйде тұрамыз. Сол кезде Қыран маған «сені бүкіл елге апаратын ақшам жоқ, қазір өзің білетіндей қарыз. Егер сен менің жанымда болып, шыдап берсең, мен осы қарыздардан құтылып, екі-үш жылда сен қалаған затыңды сатып алып, қалаған еліңе бара аласың» деді. Осыған шыдайсың ба деп сұрады. Мен әрине, келістім. Қазір соның арқасында осы күнге жеттік", - дейді Гүлзада Тұрлаш.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!