Ақмола облысында 33,3 млн теңге негізсіз жұмсала жаздаған

Ақмола облысында Біржан сал ауданының прокуратурасы ауданның коммуналдық меншігіне кірмейтін ғимаратқа инжинирингтік қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген заң бұзушылық фактілері анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасы.

Мәселен, мемлекеттік сатып алу веб-сайты арқылы конкурстық құжаттамаларды зерделеу арқылы жергілікті атқарушы орган Біржан сал ауданының коммуналдық меншігіне кірмейтін ғимаратты қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жалпы сомасы 30 млн теңгеге конкурс заңсыз жариялағаны анықталды.

Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша аталған мемлекеттік сатып алу конкурсы жойылды, сол арқылы Біржан сал ауданы прокуратурасының шараларымен 33,3 млн теңге сомасына заңсыз сатып алулардың алдын алынды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!