"Тағы залалды өтеуі мүмкін". Миллиардер Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр

Бүгінде миллиардер Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылған жоқ. Ол тағы өтемақы төлеуі мүмкін. Бұл туралы ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде Кайрат Боранбаев мемлекетке 134,5 млрд теңге көлеміндегі залалды өтеген.

"Жалпы оның (Қайрат Боранбаев) үстінен қозғалған негізгі қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың 14,5 млрд теңгесі өтелді. Бұдан басқа, ол өз еркімен мемлекетке 120 млрд теңге көлемінде залалды өтеді: жалпы сомасы – 134,5 млрд теңге. Оның үстінен қозғалған қылмыстық іс әлі тоқтатылған жоқ, ол әлі тергеліп жатыр. Сондақтын тағы өтемақы болуы мүмкін", - деді Жеңіс Елемесов Мәжілік кулуарында.

Ол миллиардер сот үкімімен сотталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын еске салды.

"Басында ол (Қайрат Боранбаев) бас бостандығынан айырылды. Алайда кейін ол мемлекетке келтірілген залалды толық өтегендіктен ол бас бостандығынан шектелді. Оған қатысты бұлтартпау шарасын өзгертудің қажеті жоқ. Себебі, оның бостандығы шектелген", - деді ҚМА төрағасының орынбасары.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!