Мәжіліс төрағасы Иранға барады

Иран президенті Ибрахим Раисиді жерлеу рәсіміне Қазақстаннан Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақпаратты Мәжілістің баспасөз қызметі растады.

"Иран президенті Ибрахим Раисиді жерлеу рәсіміне Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысады. Ол әуежайға бара жатыр", - деді баспасөз қызметі өкілі.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы сағат 9-да басталды.

Айта кетейік, биыл 19 мамырда Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапты. Ұшақ Иранның солтүстік-батысындағы Әзербайжан мен Түркия шекарасына жақын таулы аймақта құлаған.

20 мамырда Иранның вице-президенті Мохсен Мансури Ибрахим Раисидің өлімін растаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!