"Қиналғанда түсіме кірді". Айгүл Елшібаева өмірден өткен әкесіне жантебірентерлік жазба арнады

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева әлеуметтік желідегі парақшасында өмірден өткен әкесін есіне алып, ерекше жазба арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, әкесі өмірден өткен соң қиналғанда түсіне кірген.

"Еркелетіп алақанына салып, әкенің махаббатын сезініп өскесін, әкем қайтқанда жаныма жақын жүрегімдегі панам кетіп қалғандай, әкеме құдайдан әруаққа не тілейді, соны тілеумен болдым.Бір қиналғанымда түсіме кіріп, ойлаған нәрсеме сен келгенше қарап жүремін дегенде, әкемнің әруағы желеп- жебеп жүргендей сезіндім.Әкем дүниеден өтсе де, үйдегі әр бауырыңның әкеңе тән мінез- құлық, түр, қимыл- сипаттарын көргенде, әкеміздің қасиеті әрқайсына әрқалай қонғанын сезесіз. Әкемді осылай еске алып, өзі кетсе де, артында ізі бар екенін көріп, Аллаға шүкір етемін", - деп жазды әнші.

"Әкеңізден аумай қалыпссыз", "әкеңнің жаны жәннатта болсын", "қандай керемет естеліктер", "музыкаға бет бұруға себепші болған әкеңіз деп ойладым", "әкенің орны бөлек қой, шіркін", "тектіден текті туады, тектілік тұқым қуалайды деген рас", "әкеңіз керемет жан болған екен, жазбаңыз үшін алғыс" деп жазды желі қолданушылары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!