"Қиын жағдай болған шығар". 36 жастағы келіншек туған анасын іздеп жүр

Айдана Естенбаева "Көреміз" бағдарламасынан анасын табуға көмектесуді сұраған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айдана Естенбаеваны бала кезінде асырап алған. Бірақ ол өзінің асыранды екенін білмеген. Тек 2012 жылы асырап алған ата-анасы бар шындықты тұңғыш рет айтқан. Айдананы анасы 1991 жылы 3 жасар кезінде тастап кеткен. Биологиялық анасының берген есімі - Марианна екен.  
 
Айдананың өзі анасын кінәләмайтынын айтты. 

"Мен оны құшақтап, иісін сезсем болды. Қазбалап жүрмеймін. Маған керек емес. Оның да басында қиын жағдай болған шығар. Әйтпесе, адам баласы өз туған баласын бұлай тастап кетпейді ғой",- дейді Айдана Естенбаева.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!