"Қабылдай алмай, қайта-қайта құлап қалдым". Танымал әнші өмірін өзгерткен баласының сырқаты жайлы ашып айтты

Танымал әнші Қарлығаш Сұлтанша дәл қазіргі сәтіне дейінгі басынан өткен оқиғасын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, алғаш тұрмысқа шыққан жылдары үйдің тірлігін жасап, бала босанып жүріп, оқудың 3 түрін бітірген.

"Бірақ жұмысқа шығуға күйеуімнен рұқсат жоқ. Сондағы қалауым - танымал болу,әнші болу, балалық арманыма жету. 2020 жыл мен үшін трансформация жылы болды. Балам аяқ асты ауырып,өмірімді 180 градусқа өзгертті. Бұл Алланың маған берген тағы да мүмкіндігі деп қабылдадым. Мұндай жағдайда ешкім қолын соза алмаса да, жалғыз қалғандай сезінген күйімде, жаңа миссиямды таңып берді. Бұл қатты соққы болғаны рас. Қабылдай алмай миым ұйықтап ,қайта -қайта құлап қала бердім. Дәрігерге барсам, "клиникалық ауру жоқ, бірақ қатты стресстесіз,  Сізге демалу қажет" деді. "Сенің күнің Алла қалаған күні келеді, дәл осы сәтпен өмір сүр" деп сол жылы өз миссиямды қабылдадым", - деп жазды әнші.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!