"Қаражатқа мұқтаж емеспін". Азамат Сатыбалды табысы туралы ашып айтты

Танымал актер Азамат Сатыбалды "1001" түн бағдарламасында табысы туралы айтты,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі "сізге біреу қомақты қаражат ұсынса не істер едіңіз?" деген сұраққа жауап берді.

"Сен егер өз ұстанымыңнан аттап кетсең, онда саған адам ретінде оның не керегі бар ? Екінші жағынан, мен қаражатқа қатты мұқтаж емеспін. Осы басшылыққа келгенше жағдайымды жасап алған адаммын. Мен кезінде ең қымбат жүргізуші болдым, ең қымбат киноларға түстім. Жолдасым да қазір өзіміздің компаниямен шұғылданады. Жалғыз ұлым бар. Сондықтан артық дүниенің қажеті жоқ деп ойлаймын. Не керек, менің қасымда бар, үй-жайым бар. Ал ақшаның артынан қуатын болсам, маған кәсіпкер болу керек еді деп ойлаймын. Қазір мен кедеймін немесе баймын деп айтпаймын, мен бақуаттымын. Аллаға тәуба, мың да бір шүкір. Өзіме жететін дүнием бар. Одан да маған өнерді ойлау қажет. Өнердегі өмірімді ұзартсам деймін", - деді актер.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз