"Соңғы сәтте айта алмағаныма өкінемін". Азамат Сатыбалды өмірден өткен әкесін есіне алды

Танымал актер Азамат Сатыбалды "1001 түн" бағдарламасында әкесіне қатысты өкініші туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, өмірден өтер сәтінде әкесінен актер кешірім сұрап үлгермеген.

"Үйдің кенжесі болғаннан кейін үйде папам мен мамамның бөлмесі бар. Әлі күнге дейін солай тұр. Ара-тұра барып, маңызды істердің алдында барып жатамын. Папамның төсегіне жатамын. Сосын маманың төсегіне жатамын. Екеуімен әңгімелесемін.Сол бөлмесі музей сияқты тұр. Ол бітпейтін сағыныш. Мен барынша еркеледім. Пандемиядан кейін әкем өмірден өтердің алдында әкем мен анам біздің бөлмеге кірді. Негізі мүлдем бізідң бөлмеге кірмейтін. Назгұл екеумізді жерге отырғызды да, екеуі кереуетке отырып, бізбен әңгімелесті. Сол кезде әкем көп әңгіме айтты да, ең соңында батасын берді. "Балам, мен әкемді де, шешемді де қолымнан аттандырдым. Сол кезде көрші ата маған айтып еді, "балаңнан қайтады" деп. Сол нәрсе баламнан қайтты. Назгүл екеуіңе екі дүниеде де бақыттымын, ризамын, батамды беремін" деді. Сол кезде мен жылап қалдым да, "әке, бұл менің парызым ғой, артық кеткен жерім болса кешіріңіз" деп кешірім сұрай алмай қалдым. Тамағыма өксік тығылды. Папамды құшақтап жылай бердім. Содан кейін папам 20 күннен соң қайтыс болды. Қазір әлі күнге дейін кешірім сұрамағаныма өкінемін", - деді ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!