Алматы облысының тұрғындары облыстық маңызы бар жолды жауып тастады

Бүгін, 21 мамырда Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылының тұрғындары 3-5-шақырым учаскесінде облыстық маңызы бар "Алматы – Жетіген – Қапшағай су қоймасы" автомобиль жолын жауып тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Байсерке ауылдық округінің тұрғындары үнемі жол қауіпсіздігіне байланысты күрделі мәселелерге тап болады және бағдаршам орнатуды және қажетті жол инфрақұрылымын қамтамасыз етуді талап етеді", - деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.

Еске салайық, осы жылы 11 мамырда осы жол учаскесінде өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы болған, мас күйінде болған жүргізуші аялдама павильонын басып кеткен. Қазіргі уақытта облыстың уәкілетті органдары қажетті шараларды қабылданып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!