Президент бірнеше азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Президент бірнеше азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады
Фото: Ақорда

Президент бірнеше азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Парасат» орденімен:

Тікішев Темір – А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқытушысы.

«Құрмет» орденімен:

Асқаров Азамат Асқарұлы – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының әртісі;
Ахатов Асылбек Құсымұлы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің әртісі;
Әбілдина Ғайнижамал Байкәрімқызы – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры;
Джулмухамедова Айжан Абылайханқызы – А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқытушысы;
Карменова Тоғжан Жанатқызы – А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі директорының орынбасары;
Қалдыбаева Гүлжан Ақмәдиқызы – Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейінің суретші-реставраторы;
Құлыш Қапаш Қабыкенқызы – Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры;
Медеубаева Светлана Магнитқызы – А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің бөлім басшысы;
Молдашева Гүлзира Бәкірқызы – Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейінің бас қор сақтаушысы;
Мұртазина Қарлығаш Төкенқызы – «Айгүл» ВАА вокалисі;
Насирова Гульбахар Касимовна – Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының бөлім меңгерушісі;
Тоқжанов Төлепберген Торахметұлы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

Ақпасова Бәтеш Рахметжанқызы – Қазақстан Республикасының ұлттық музейінің қызмет басшысы;
Бисенғалиев Мұрат Құмарғалиұлы – А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының аға оқытушысы;
Жабаева Әлия Шүйіншәліқызы – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры режиссердің көмекшісі;
Омирбекова Марина Сергеевна – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры аккомпаниатор-концертмейстері.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы:

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің дирижері Айсын Жексен Қуанұлына;
А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқытушысы Ақмолдаев Саян Досмахамбетұлына;
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының бас хормейстері Темірбекова Әлия Жанәбілқызына берілді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина