Онколог асқазан жарасының негізгі белгілерін атады

Асқазан жарасы - жиі кездесетін аурулардың бірі. Ол емделетін ауруға жатады, сондықтан оны уақытында анықтай білу маңызды. Онколог Сергей Пикулин "NEWS.ru"-ге асқазан жарасының негізгі белгілерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігер асқазан жарасы кезінде іштің жоғарғы бөлігі ауыратынын және ол әдетте қарныңыз аш болғанда мазалап, тамақ ішкеннен кейін кететінін айтты.

"Асқазан жарасының алғашқы белгісіне іштің жоғарғы бөлігінің күйдіріп ауыруы жатады. Ол қарныңыз аш болғанда қатты білінеді және тамақ немесе қыжылға арналған препараттар ішкеннен кейін аздап басылады. Жалпы оның белгілері зақымдалған жерге байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Десе де, жаралы ауруға тән бірнеше ортақ белгілерді атауға болады. Мысалы, ішіңіз тысырайып тұрғандай сезім, іштің кебуі, кекіру, жүрек айну, жиі қарын ашу", - деді Сергей Пикулин.

Онкологтың айтуынша, асқазан жарасы - қауіпті ауру. Ол асқазан бүтіндігінің бұзылуына және қан кетуге әкелуі мүмкін. Сондай-ақ маман ол қатерлі ісікке айналуы мүмкін екенін ескертті.

Оқи отырыңыз: Іш кебуінің 10 себебі