Абайлаңыз! Еш белгісіз дамитын жүрек аурулары

Барлық ауру бірдей өзі жайлы бірден белгі бермейді. Кей аурулар кездейсоқ және өте кеш анықталып жатады. Терапевт Петр Лавочкин "Womanhit"-ке адамдар жиі қандай ауруларды байқамай қалуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жыбырлақ ырғақсыздық (мерцательная аритмия)

Көп пайызды жүрек аурулары алады. Маманның айтуынша, қауіпті азайту үшін жылына бір рет болсын ЭКГ-дан өтіп тұру керек.

"Жыбырлақ ырғақсыздық жиі қарт кісілерде кездеседі, ал жастар жиіленген жүрек соғысына аса мән бермейді. Алайда бұл өте қауіпті, сіз ауруды асқындырып алуыңыз мүмкін", - дейді маман. 

Атеросклероз

Атеросклероз бастапқы кезеңде еш белгісіз дамиды. Ол инфаркт пен инсульттің дамуына әкеледі.

"Бұл ауруды байқамай қалмас үшін қандағы холестерин дегейін тексеріп тұру керек. Сондай-ақ бірнеше жылда бір рет қан тамырлар мен көктамырларды УДЗ-ға түсірген дұрыс", - дейді терапевт.

Жоғары қан қысымы (гипертония)

Маманның айтуынша, гипертония кезінде көз торы патологиясының даму қаупі артады және жиі бүйрек жеткіліксіздігі кездеседі. 

"Сіз әлі 40 жасқа толмаған болсаңыз да, жылына бірнеше рет қысымыңызды өлшеп тұрыңыз. Ал қауіп факторлары - артық салмақ немесе туыстардың арасында гипертонияның болуы кезінде қысымды жиі өлшеу керек", - дейді Петр Лавочкин.

Жүйелі түрде қысым жоғары болса, ұзаққа созбай дәрігерге көрініңіз.

Оқи отырыңыз: Варикозға себеп болатын 7 қателік